Skip to content

1-сыныпқа құжаттарды қабылдау

Құрметті ата-аналар!

2026 жылғы 1 сәуірден бастап 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады.

№48 жалпы орта білім беретін мектеп әкімшілігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығының 9-2 тармағына сәйкес, 1-сыныпқа қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен құжаттар 2026 жылғы 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында қабылданатынын хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау **eGov.kz порталы арқылы онлайн түрде жүзеге асырылады.

Портал арқылы өтініш беру тәртібі:
1. ЭЦҚ немесе мобильді eGov арқылы жүйеге кіру
2. Білім бөлімі
3. Орта білім
4. Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)
5. Онлайн сұрау жіберу
6. Білім беру ұйымын таңдау – №48 жалпы орта білім беретін мектеп
7. 1-сыныпты таңдау

Қажетті құжаттар:
• 052-2/у нысаны – баланың денсаулық паспорты (2026 жыл)
• 065/у нысаны – профилактикалық вакцинация картасы
• 3×4 көлеміндегі фотосурет – 2 дана

Мектеп мекенжайы:
Атырау қаласы, Томарлы ауылы, Жұлдыз ықшам ауданы, Тендік Жауыров көшесі, 33А.

Байланыс телефондары:
📞 8 (771) 155 53 58
📞 52-20-90