14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні
№48 жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында бұл күн ерекше мағынаға ие болып, мазмұнды іс-шаралармен аталып өтті.
Кітап – білімнің бастауы, рухани байлықтың қайнар көзі. Осы игі мереке аясында оқушылар мен ұстаздар кітапхана қорын толықтыруға үлес қосып, бір-біріне кітап сыйлау арқылы оқуға деген сүйіспеншілікті арттырды.
Кітап сыйлау – жай ғана тарту емес, ол білімге, терең ойға, жарқын болашаққа салынған инвестиция. Әр сыйланған кітап өз оқырманын тауып, ізгілік пен игі істерге бастайды.
📖 Ізгі бастамаға белсенді қатысқан барша ұстаздар мен оқушыларға алғыс білдіреміз!
Кітапханашы: Айжан Утемисова
#Адалазамат #келелекмектептері #біртұтастәрбиеатырау
KZ

