Skip to content

17 наурыз – Шаңырақ күні Шаңырақ күні аясында «Әжелер мектебі»…

17 наурыз – Шаңырақ күні

Шаңырақ күні аясында «Әжелер мектебі» мен «Аналар мектебі» арасында зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау және ұрпақ тәрбиесіндегі аналар мен әжелердің рөлін айқындау.

Қатысушылар өз білімдері мен тәжірибелерін ортаға салып, ұлттық танымға негізделген сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Шара мазмұнды әрі тағылымды форматта өтті.