🌿 17 наурыз – Шаңырақ күніне орай мектебімізде «Әжелер мектебі» аясында тағылымды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті.
Ұлттық киім киген асыл әжелеріміз бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге ақ батасын беріп, «Наурыз бата» жасады. Отбасы құндылықтары, үлкенге құрмет, кішіге ізет туралы өнегелі әңгімелер айтылып, ұлттық салт-дәстүріміз кеңінен насихатталды.
Шара барысында танымдық ойындар, шығармашылық тапсырмалар , ұршық иіру секілді тапсырмалар ұйымдастырылып, балалар ұлттық рухты сезініп, дәстүр мен даналықтың терең мағынасын ұғынды.
#адалазамат #біртұтастәрбиеатырау
KZ






