19 наурыз (бейсенбі) – Жаңару күні аясында
№48 жалпы білім беретін мектебінде мазмұнды әрі заманауи іс-шаралар ұйымдастырылды.
Наурыз мейрамының жаңа саяси дәуірмен тұспа-тұс келіп, елдегі жаңару мен даму кезеңінің басталуын айқындайтын бұл күн биыл цифрлық трансформация тақырыбына арналды.
Аталған күн аясында мектебімізде оқушылардың шығармашылығы мен зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында AI, IT, VR және робототехника бағытындағы жобалар көрмесі өткізілді. Көрмеде білім алушылар өздерінің тың идеялары мен заманауи технологияларға негізделген жұмыстарын ұсынып, инновациялық ойлау қабілеттерін көрсетті.
Сонымен қатар, оқушыларға арналған дәрістер, шеберлік сабақтары, зияткерлік ойындар мен креативті IT стартап жобалар ұйымдастырылып, цифрлық білімнің маңызы кеңінен насихатталды.
Жаңару күні – жаңа идеялар мен тың бастамалардың бастауы.
Болашақ – білімді де білікті ұрпақтың қолында!
#Адалазамат
KZ

