20 наурыз – Ұлттық спорт күні 🇰🇿
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында 48 ЖББМ-де Ұлттық спорт күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Аталған күн аясында оқушылар қазақтың дәстүрлі ойындарына қатысып, өзара бақ сынасты. Атап айтқанда, асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту, қазақ күресі секілді ұлттық спорт түрлері кеңінен насихатталды. Бұл шаралар жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.
Ұлттық спорт – халық мұрасы. Оны ұлықтау – әрқайсымыздың міндетіміз!
#ҰлттықСпортКүні #Наурыз2026 #СалауаттыӨмірСалты
KZ

