Skip to content

№48 жалпы білім беретін орта мектепте оқушылар мен ұстаздар арасында…

№48 жалпы білім беретін орта мектепте оқушылар мен ұстаздар арасында 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «1 күн – 1 пайдалы әдет» атты жүгіру марафоны ұйымдастырылды 🏃‍♀️🏃‍♂️✨

Марафонның басты мақсаты – денсаулықты нығайту, спортқа деген қызығушылықты арттыру және күнделікті өмірде пайдалы әдеттерді қалыптастыру.

Іс-шара барысында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күймен жарысқа қатысты. Бұл марафон оқушылар мен ұстаздар арасында салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді. 💪🌿

Салауатты өмір – жарқын болашақтың кепілі! 🌞

#ДенсаулықКүні #СалауаттыӨмір