📚✨№48 жалпы білім беретін орта мектептің 9-сынып оқушыларына ББЖМ және алдағы мемлекеттік емтихан жұмыстарына байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушыларға емтихан тәртібі, дайындық жолдары, уақытты тиімді пайдалану, сондай-ақ маңызды ережелер жан-жақты түсіндірілді. Әрбір оқушыға алдағы сынақтарға жауапкершілікпен қарап, өз білімдерін толық көрсету қажеттігі айтылды.
🔹 Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, емтиханға деген сенімділіктері арттырылды.
🔹 Білім алушыларға психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетіліп, мотивациялық кеңестер ұсынылды.
📌 Мұндай түсіндіру жұмыстары оқушылардың өзіне деген сенімін нығайтып, мемлекеттік емтиханды сәтті тапсыруға үлкен септігін тигізеді.
KZ

