Skip to content

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектебімізде ардақты ұстаз…

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектебімізде ардақты ұстаз аналарымызға арналған керемет, әсерлі шара жоғары деңгейде өтті.

Шара барысында аналардың мейірімі мен ұстаздардың еңбегі ерекше құрметпен айтылып, жүрекке жылы лебіздер мен әсем әндер тарту етілді. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, аналарға деген алғыстары мен шексіз құрметтерін білдірді.

Балаға білім мен тәрбие беріп, әр жүрекке жылулық сыйлап жүрген асыл жандарға мың алғыс!
Барша ұстаз аналарымызға зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілейміз! 🌸#адалазамат #біртұтастәрбиеатырау #келешекмектептері