Мектебімізде оқушылар арасында құқықбұзушылықтың, соның ішінде есірткі қылмысының алдын алу мақсатында «Закладчик. Мат» тақырыбында кинофильм көрсетілді.
Фильм барысында жасөспірімдерге заңсыз әрекеттердің салдары, есірткі тасымалдау мен таратудың қылмыстық жауапкершілігі, оның адам өмірі мен болашағына тигізетін зияны жан-жақты түсіндірілді.
Көрсетілімнен кейін оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған пікір алмасу ұйымдастырылды.
Мақсат – жас ұрпақтың санасына заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру, зиянды әрекеттерден бойын аулақ ұстауға шақыру және қауіпсіз қоғам құруға үлес қосу.
⚖️ Әрбір жас өз болашағына жауапты екенін ұмытпауы тиіс!
#адалазамат #келешекмектептері⚜️
KZ



