Skip to content

№48 жалпы білім беретін мектебінде 4-сыныптар арасында спорттық эстафета ұйымдастырылып,…

№48 жалпы білім беретін мектебінде 4-сыныптар арасында спорттық эстафета ұйымдастырылып, оқушыларымыздың шапшаңдығы мен ептілігі сынға түсті. 🏃‍♂️🏃‍♀️

Аталған шараның басты мақсаты – білім алушыларды салауатты өмір салтына баулу, достық қарым-қатынасты нығайту және командалық рухты қалыптастыру. Эстафета барысында қатысушылар түрлі қызықты әрі тартысты кезеңдерден өтіп, өзара ұйымшылдық пен белсенділіктің үлгісін көрсетті.

Әр команда жеңіске деген жігерін танытып, жылдамдықпен қатар тапқырлықтарын да дәлелдей білді. Мұндай спорттық сайыстар оқушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, бір-біріне деген сенімділігін арттырып, достық байланыстарын бекіте түседі.

Жарыс соңында белсенділік танытқан сыныптар марапатталып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Спорт – денсаулық кепілі! 💪
Жас спортшыларымызға алдағы уақытта да толағай табыс тілейміз!
#адалазамат #біртұтастәрбиеатырау #келешекмектептері