Skip to content

Мектебімізде «Кітап сыйлау» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың…

Мектебімізде «Кітап сыйлау» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және кітапхана қорын толықтыру.

Акция барысында білім алушылар мен ұстаздар кітап сыйлап, рухани құндылықтарды дәріптеуге өз үлестерін қосты. Кітап – білімнің бастауы, саналы ұрпақ тәрбиелеудің негізі.

Сыйланған әрбір кітап жаңа оқырманын тауып, ізгілік пен білімге бастайтынына сенім мол.
#адалазамат #біртұтастәрбиеатырау #келешекмектептері