🤖 Жас өнертапқыштар – болашақтың кепілі
Мектебімізде робототехника үйірмесі аясында «Жас өнертапқыш» сайысы ұйымдастырылды. Сайыс барысында оқушылар өздерінің тапқырлығы мен шығармашылығын көрсетіп, өте керемет, тың идеяларға толы жұмыстарын ұсынды.
Әр жоба – баланың ізденісі, ойлау қабілеті мен заманауи технологияға деген қызығушылығының айқын көрінісі болды. Оқушылар робот құрастыру, оны бағдарламалау және нақты мәселені шешуге бағыттау арқылы өз білімдерін практикада дәлелдей алды.
Мұндай шаралар оқушылардың инженерлік ойлауын дамытуға, шығармашылық қабілетін шыңдауға және болашақта техника мен ғылым саласына қызығушылығын арттыруға зор мүмкіндік береді.
Жас өнертапқыштарға сәттілік, ал жаңа идеялар әрдайым алға жетелей берсін! 🚀
#адалазамат #келешекмектептері #біртұтастәрбиеатырау
KZ

