📚 Lesson Study – оқыту сапасын арттырудағы тиімді тәсіл
Білім алушылардың оқуын жақсарту мақсатында Lesson Study – сабақты зерттеу тәсілін тәжірибеге енгізу аясында Атырау ПШО-мен бірлескен әдістемелік кеңес өтті.
Кеңес барысында әріптестермен кәсіби ынтымақтастық орнап, төмендегі бағыттар бойынша мазмұнды жұмыс жүргізілді:
🔹 сабақ жоспарын бірлесіп құру;
🔹 зерттеу сабағын жан-жақты талқылау;
🔹 сабақты талдау арқылы оқыту үдерісін жетілдіру жолдарын анықтау.
Мұндай тәжірибелік кездесулер мұғалімдердің кәсіби дамуына, өзара тәжірибе алмасуына және оқушылардың оқу жетістігін арттыруға зор мүмкіндік береді.
👩🏫 Кеңесті өткізген:
Сапарова Анаргуль Карасаевна
Бірлескен жұмыс – сапалы білімнің кепілі! ✨
#адалазамат #біртұтастәрбиеатырау #келешекмектептері⚜️
KZ




