Skip to content

Ұлттық ойындар – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетінің ажырамас бөлігі.…

Ұлттық ойындар – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетінің ажырамас бөлігі. Олар тек көңіл көтеру құралы ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызды тетігі болып табылады.

Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балалар ептілікке, шапшаңдыққа, батылдыққа және ұйымшылдыққа үйренеді. Асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту, қазақ күресі, бестемше сияқты ойындар ұлттық рухты нығайтып, салт-дәстүрімізді дәріптеуге зор үлес қосады.

Ұлттық ойындарды жаңғырту – өткенге құрмет, болашаққа аманат.

#ҰлттықОйын #ҰлттықҚұндылық