Skip to content

«Халықаралық кітап сыйлау күніне» орай мектепте өткізілген  акциялары мен челлендждер туралы

Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, мектептің кітап қорын байыту және өзара сыйластық пен жомарттық құндылықтарын насихаттау.

Атқарылған жұмыстар:

  1. Кітапхана қорын толықтыру:

4 «А» сынып оқушылары белсенділік танытып, мектеп кітапханасына түрлі жанрдағы (ертегілер, танымдық әдебиеттер) кітаптарды салтанатты түрде табыстады.

Осы бастаманы 1-сынып оқушылары да іліп әкетіп, өздерінің алғашқы оқыған қызықты кітаптарын кітапханаға тарту етті. Бұл кіші буын мен орта буын арасындағы жақсы сабақтастықты көрсетті.

  • «Кітап сыйла» челленджі:

8 «В» сынып жетекшісінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында ерекше челлендж өтті. Оқушылар бір-біріне өздері ұнатқан туындыларды сыйлап, ішіне ақ тілектерін жазып қалдырды. Бұл шара сынып ішіндегі ауызбіршілікті нығайтуға және оқуға деген ынтаны оятуға септігін тигізді.

Нәтиже: Акция барысында мектеп кітапханасына жаңа данадағы кітаптар жиналды. Оқушылар «Кітап — сарқылмас қазына» екенін іс жүзінде сезініп, қайырымдылық шарасына біркісідей атсалысты.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                       С.Қоржықбаева