Сыныбы: 5-сынып
Сынып жетекшісі: Махметова Н.Т.
Мақсаты:
Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың өзін-өзі реттеу, эмоцияны басқару, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың өз күшті және әлсіз жақтарын тануына, жеке дамуға қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Өткізілген әдіс-тәсілдер:
Сынып сағаты барысында «Үндеме» жаттығуы, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жағдаяттық талдау, «Тіпті егер…» және «Кез-келген уақытта…» әдістері, бейнематериал қарау, рефлексия, босаңсу жаттығулары және әңгіме-дәріс тәсілдері қолданылды. Оқушылар «Көңілді Памси» ертегісін талдап, жағымсыз ойларды жақсы ойлармен алмастыруға дағдыланды.
Жеткен нәтиже:
Оқушылар өзін-өзі реттеу және эмоцияны басқару жайында түсінік алды, жағымсыз ойларды оң ойға ауыстыру тәжірибесін меңгерді. Топтық және жұптық жұмыста белсенділік танытып, қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдылары дамыды.
Қорытынды:
Сынып сағаты мен жоспарға сай, мазмұнды және жоғары деңгейде өткізілді. Мақсаттар толық орындалды. Оқушылардың жауапкершілік, қауіпсіздік, өзін-өзі реттеу дағдылары мен мәдени қарым-қатынас қалыптасты.


KZ
