Кәсіби шеберлік — биік белес🏆🏆
«Білім берудегі цифрлық сауаттылық пен жасанды интеллект: үздік педагогикалық тәжірибе» атты облыстық педагогикалық оқуларында мектебіміздің география пәні мұғалімі Бекежанов Ғалымжан Нұрлыбекұлы І дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталды.
Ғалымжан Нұрлыбекұлы өзінің озық педагогикалық идеяларымен бөлісіп, жоғары кәсіби шеберлік танытты. Жасанды интеллект дәуірінде цифрлық технологияны еркін меңгерген ұстазымызға шығармашылық табыс тілейміз!👏
Білім берудегі цифрлық сауаттылық пен жасанды интеллект: үздік педагогикалық тәжірибе» атты облыстық педагогикалық оқуларында мектебіміздің физика пәні мұғалімі Қасымов Абай Әбенұлы облыстық педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бұл марапат — тынымсыз ізденіс пен жаңа технологияларды игеру жолындағы қажырлы еңбектің жемісі. Абай Әбенұлы, жеңісіңіз құтты болсын! Білім беру айдынында алар асуларыңыз көп болсын!👏
Әріптестерімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыттарыңыз сарқылмасын!✨
KZ


