Дұрыс таңдау – жарқын болашақ ✨
МИФ онкүндігі аясында МИФ әдістемелік бірлестігі мен мектебіміздің «Кәсіби бағдар беру» мамандарының бірлесіп ұйымдастыруымен 9-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Кездесуге арнайы қонақ ретінде халықаралық WorldSkills чемпионатында «Инженерлік дизайн CAD» бағыты бойынша Қазақстан тарихындағы алғашқы жүлдені иеленген маман Ерасыл Қайратұлы қатысты.
Сонымен қатар, Атырау Сервис колледжінің оқытушылары қатысып, колледждің орналасуы, оқу мүмкіндіктері, мамандықтары туралы толық ақпарат берді. Колледж тарапынан физика және информатика пәндерінің ұстаздары келіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдау бойынша бағыт-бағдар беріліп, пән мен болашақ мамандық арасындағы байланыс түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, саналы шешім қабылдауға мүмкіндік алды.
📍 Әрбір дұрыс таңдау – жарқын болашақтың кепілі
#дұрыстаңдау #жарқынболашақ #кәсібибағдар #мамандықтаңдау
#мифонкүндігі мектепөмірі оқушылар болашаққаадам
атырау атыраумектеп колледж сервисколледж
worldskills жастар мотивация білім
KZ

