📚 Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған көрме
Мектебімізде Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған мәдени-танымдық көрме ұйымдастырылды.
Көрме барысында ұлы ойшылдың өмір жолы, сопылық ілімі және «Диуани хикмет» еңбегінің мән-маңызы кеңінен таныстырылды. Экспозицияға көне қолжазбалар, тарихи кітаптар мен суреттер қойылып, Ясауи мұрасы, оның шәкірттері және Түркістан тарихы қамтылды.
✨ Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға тарихи-мәдени мұраны насихаттау, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу.
📖 Өткенді тану – болашаққа бағдар!
KZ

