📚 Құндылықтарға шолу
№48 жалпы білім беретін орта мектептің
3 “Г” сыныбында «Құндылықтарға шолу» жобасы аясында
«Қоғамдық немесе жалпы адамзаттық мүддені жоғары қоя білу» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға қоғам игілігі үшін еңбек ету, өзгені құрметтеу, ортақ мақсатқа үлес қосу сияқты маңызды құндылықтар түсіндірілді. Балалар өз ойларын ортаға салып, адамгершілік қасиеттердің маңызын ұғынды.
✨ Болашақтың саналы, жауапты азаматтарын тәрбиелеу – басты міндет!
KZ

