Skip to content

✨ «Шығармашылық интеллигенция – Қазақстан балаларына» 14 сәуір мектебімізде рухани…

✨ «Шығармашылық интеллигенция – Қазақстан балаларына»

14 сәуір мектебімізде рухани кеш өтті. Кештің басты мақсаты – оқушыларды қазақтың шығармашылық интеллигенция өкілдерімен таныстырып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылыққа баулу болды.

📚 Кеш барысында әдебиет, музыка және өнер саласындағы тұлғалар насихатталып, оқушылардың сахналық мәдениеті мен патриоттық сезімі дамуына ықпал жасалды.

🎶 5 «А» сынып оқушысы Мансур Алиханның орындауындағы «Ер Тұран» күйі кештің көркін ашып, ерекше әсер сыйлады.

🎤 Кеш қонағы – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, белгілі ғалым әрі бірнеше кітаптардың авторы Шахман Нағымұлы Нагимов болды.

📖 Кездесу барысында оқушылар сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алды. Сонымен қатар, кітап оқудың маңызы, рухани құндылықтар және жас ұрпақтың болашағы туралы маңызды ойлар айтылды.

💫 Өнерлі, білімді, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ – ел болашағы!
Балаларға бар жақсылықты бірге жасайық!

#Шығармашылық #Интеллигенция #ОқуғаҚұштарМектеп #БалаларКітапханасы #Атырау ҰлттықҚұндылықтар Білім Тәрбие