Бүгін кішкентай оқушыларымыз кітапхана әлеміне алғашқы қадамдарын жасап, кітаптың сырлы әлемімен танысты 🤍
Олар кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысып, қызықты кітаптарды тамашалап, оқу мәдениеті туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырды 🌈📖
📌 Бұл таныстырудың мақсаты – балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқуға деген сүйіспеншілігін ояту
Кітап – білімнің кілті, ал кітапхана – сол білімнің алтын ордасы ✨
KZ

