«Бала қауіпсіздігі – отбасы мен қоғамның ортақ жауапкершілігі»
Атырау облысы әкімдігінің бастамасымен оқу жылының аяқталуына орай кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында 2026 жылдың 16 сәуір күні ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, жиналыс барысында келесі өзекті тақырыптар қаралды:
– жазғы кезеңдердегі кәмелетке толмағандардың жеке өмір қауіпсіздігі (шомылу маусымындағы қауіпсіздік, терезеден құлаудың алдын алу, жол-көлік оқиғалары, мопед мәселесі, кешкі уақытта балалардың заңды өкілдерінсіз жүруі, ойын-сауық орталықтарындағы тәртіп, бала еңбегі талаптарының сақталуы);
– жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, бала құқықтарының қорғалуы және жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары;
– білім беру ұйымдарында жүзеге асырылып жатқан «5 минуттық құндылық: қауіпсіз қоғам негізі» жобасының маңыздылығы;
– құқықтық мәдениетті қалыптастыру, мектеп бітіру кештерін өткізу талаптары мен заңдылықтары.
KZ


