Skip to content

📚 Қазақ балалар әдебиетінің жазушыларына арналған танымдық іс-шара өтті! Шара…

📚 Қазақ балалар әдебиетінің жазушыларына арналған танымдық іс-шара өтті!

Шара барысында оқушылар қазақ балалар әдебиетінің бай мұрасымен танысып, жазушылардың шығармаларындағы тәрбиелік мәні зор оқиғаларға үңілді. Кітап кейіпкерлері арқылы адамгершілік, мейірімділік, отансүйгіштік сияқты құндылықтар кеңінен насихатталды.

Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, әдеби викториналарға жауап берді және сүйікті шығармаларынан үзінділер оқыды. 📖🌟

Мұндай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына серпін береді.