5, 8, 9, 10 сынып оқушылары арасында өткен Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған шарамыз жоғары деңгейде, ерекше әсермен өтті! 🎉
Іс-шара барысында оқушылар әр ұлттың мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстырып, өз өнерлерін шеберлікпен көрсете білді. Әсем әндер шырқалып, ұлттық билер орындалып, сахналық қойылымдар арқылы халықтар достығы мен бірлігінің маңызы кеңінен насихатталды.
Көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған бұл шара оқушылардың шығармашылығы мен белсенділігін айқындап, ел бірлігіне деген құрметін арттыра түсті 🇰🇿✨
KZ

