Skip to content

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында мектепалды даярлық 0 «Ә» сынып оқушыларымен…

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында мектепалды даярлық 0 «Ә» сынып оқушыларымен «Жеңіс күні – мақтанышым» атты ұйымдастырылған іс-әрекет аясында Жеңіс саябағына танымдық саяхат ұйымдастырылды.

Саяхат барысында бүлдіршіндер Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігімен танысып, батыр бабаларымыздың Отан үшін жасаған жанқиярлық еңбектеріне құрмет көрсетті. Балалар Мәңгілік алауға тағзым етіп, гүл шоқтарын қойып, патриоттық әндер айтып, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін білдірді.

Бұл саяхат жас ұрпақтың бойына елжандылық, батырларға құрмет, бейбіт өмірдің қадірін түсіну секілді құндылықтарды сіңіруге бағытталды.