Дене шынықтыру апталығы аясында ұстаздар, ата-аналар және оқушылар арасында ұйымдастырылған волейбол ойынынан үзінді бейнеролик
Апталық барысында өткен волейбол жарысы ерекше көңіл-күй мен тартысқа толы болды. Ұстаздар, ата-аналар және оқушылар бір командада өнер көрсетіп, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін танытты.
Жарыс барысында қатысушылар белсенділік танытып, спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Осындай спорттық шаралар арқылы салауатты өмір салты насихатталып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс нығая түседі. 💪✨
KZ

