«Психологиялық құбыр» тренингі өтті
Жазғы лагерь аясында оқушыларға арналған «Психологиялық құбыр» тренингі ұйымдастырылды. Тренинг барысында қатысушылар өзара қарым-қатынас орнату, бір-бірін тыңдау, түсіну және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытты.
Іс-шара оқушылардың сенімділігін арттырып, ұйымшылдыққа, сыйластыққа және тиімді қарым-қатынас жасауға бағытталды. Балалар тренингке белсенді қатысып, жағымды әсер алды.
#АтырауЖаз2026 #ЖұлдызЛагері
KZ

