Өткізілген орны: №48 жалпы орта білім беретін мектеп
Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқылған шығарманы талдау дағдыларын дамыту және заманауи медиа-технологиялар (Reels, Stories) арқылы креативті ойлау қабілетін шыңдау. Сүйікті кейіпкерлерінің жағымды қасиеттерін дәріптей отырып, балалардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Іс-шара мазмұны: Мектебімізде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кейіпкерімнен не үйрендім?» атты ерекше байқау ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар өздері оқыған көркем әдебиеттегі сүйікті кейіпкерлері туралы қысқаша Reels және Stories форматтарында бейнероликтер дайындады.Сонымен қатар оны кітапханада қорғады. Оқушылар тек кітап мазмұнын айтып қана қоймай, кейіпкердің іс-әрекетінен алған өнегелі тәрбиесін, оның батылдығын, адалдығын немесе еңбекқорлығын өз өмірлерімен байланыстыра білді.
Байқауға қатысушылардың бейнебаяндары әлеуметтік желілерде жарияланып, көпшіліктің назарын аударды. Оқушылар бейнеролик дайындау барысында актерлік шеберлік, монтаждау және сауатты сөйлеу дағдыларын көрсетті. Қазылар алқасы мазмұндылығына, идеяның ерекшелігіне және кейіпкер бейнесінің ашылуына баға берді. Шара соңында үздік жұмыстар иелері марапатталып, бұл байқау мектептегі «Оқуға құштар мектеп» жобасының жаңаша қарқын алуына септігін тигізді.


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Козыкешов
KZ
