«Бойтұмар» психологиялық жаттығуы
Жазғы лагерь аясында психологтың ұйымдастыруымен «Бойтұмар» атты психологиялық жаттығу өткізілді. Шара барысында оқушылар өздерінің жақсы қасиеттерін анықтап, арман-мақсаттарын қағазға түсіріп, жеке бойтұмарларын жасады.
Бұл жұмыс балалардың өзін-өзі тануына, жағымды ой қалыптастыруына және өзіне деген сенімділігін арттыруға бағытталды. Оқушылар белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен әсерлерімен бөлісті.
✨ Әр бойтұмар – жарқын болашаққа деген сенім мен жақсы тілектің белгісі! #АтырауЖаз2026 #ЖұлдызЛагері #ПсихологЖұмысы
KZ


