🇰🇿 Челлендж түсіруге барған сәтте біз ерекше көріністің куәсі болдық. Флагшток алаңында мерекеге орай ұйымдастырылған әсерлі концерт өтіп жатты. Лагерь оқушылары концерттік бағдарламаны үлкен қызығушылықпен тамашалап, патриоттық әндер мен рухты өнер көрсетілімдерінен ерекше әсер алды. Асқақ әуен мен мерекелік көңіл күй балалардың жүрегіне Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін ұялатты.
🇰🇿 Концерттен кейін оқушылар облыс әкімі Серік Шәпкенов мен естелік суретке түсіп, жылы жүздесу мүмкіндігіне ие болды. Облыс әкімі жас бүлдіршіндерге ақжарма тілегін арнап, жарқын болашаққа сенім білдірді. Бұл кездесу мерекелік күннің ең жарқын әрі есте қаларлық сәттерінің біріне айналды.
KZ

