Skip to content

🍳✨ Cooking Club – ерекше форматтағы кездесу Мектебімізде «Cooking Club»…

🍳✨ Cooking Club – ерекше форматтағы кездесу

Мектебімізде «Cooking Club» аясында ерекше әрі жүрекке жылы іс-шара ұйымдастырылды 🤍

Бұл жолы Парламент мүшелері «Менің сүйікті ұстазым» тақырыбында өздері құрмет тұтатын ұстаздарын шақырып, әсерлі кездесу өткізді 👩‍🏫👨‍🏫💫

Шара барысында:
• 🍽 Бірге тағам дайындап, қызықты сәттерге бөленді
• 💬 Еркін форматта сырласу мен шынайы сұхбат жүргізілді
• 🤍 Ұстаз бен оқушы арасындағы жылы қарым-қатынас ерекше сезілді

Кездесу өте жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады ✨

Осындай тағылымды шаралар оқушылардың ұстазға деген құрметін арттырып, мектеп өмірін одан әрі жандандыра түседі 🌟

#CookingClub #МеніңСүйіктіҰстазым