Skip to content

🏅👨‍👩‍👧‍👦 Дене шынықтыру апталығы аясында МАД тобы оқушылары мен ата-аналары…

🏅👨‍👩‍👧‍👦 Дене шынықтыру апталығы аясында МАД тобы оқушылары мен ата-аналары арасында эстафеталық сайыс өтті

Спорттық шараның мақсаты – бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сайыс барысында қатысушылар түрлі қызықты эстафеталық ойындарға қатысып, жылдамдықтары мен ептіліктерін көрсетті. Балалар ата-аналарымен бірге белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жарыс өте көңілді әрі тартысты өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Осындай отбасылық спорттық шаралар балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, достық пен бірлікті нығайтады. 💪✨