Skip to content

🚀 «Ғарыш режимі ON» күндігі аясында Мектебімізде физика пәнінен ең…

🚀 «Ғарыш режимі ON» күндігі аясында

Мектебімізде физика пәнінен ең үздік нәтиже көрсеткен 7-сынып оқушылары арасында «Ең үздік жас физик – 2026» сайысы ұйымдастырылды 🔬✨

📌 Сайыстың мақсаты:
Оқушылардың бәсеке арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру, пәндік білімдерін саралау және ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту 🎯📚

Сайыс үш кезең бойынша өткізілді:
1️⃣ «Тест» кезеңі
2️⃣ «Теория + практика» кезеңі
3️⃣ «Физикалық ойын» кезеңі ⚡

Барлық кезеңдерде оқушылар өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, белсенділік танытты 👏

🏆 Сайыс нәтижесінде «Ең үздік жас физик – 2026» атағы 7 «В» сынып оқушысы Нұрболқызы Кәусарға бұйырды 🎉

Сонымен қатар, шараға қатысқан оқушылардың ата-аналары да қатысып, балалардың білім деңгейіне куә болып, қолдау көрсетті 🤍👨‍👩‍👧‍👦

Осындай білімді ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған сайыстар оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырары сөзсіз 🚀📖