Skip to content

🌿 “GEO-BIO-CHEM: ЭКОӘЛЕМ: ЗЕРТТЕУ, ТҮСІНУ, ЖАУАПКЕРШІЛІК” атты онкүндіктің ашылу салтанаты…

🌿 “GEO-BIO-CHEM: ЭКОӘЛЕМ: ЗЕРТТЕУ, ТҮСІНУ, ЖАУАПКЕРШІЛІК” атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті!

Бүгін мектебімізде жаратылыстану бағытындағы пәндер бірлестігінің дәстүрлі онкүндігінің шымылдығы түрілді 🌍✨
Ашылу салтанаты ерекше форматта ұйымдастырылып, оқушылар мен ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара барысында оқушылар табиғатқа деген сүйіспеншілік, қоршаған ортаны қорғау және ғылыми көзқарас қалыптастыру бағытында өз өнерлері мен білімдерін көрсетті.
Онкүндіктің басты мақсаты – оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және жауапкершілігін арттыру 🌱

Алдағы күндері қызықты тәжірибелер, танымдық сабақтар, интеллектуалды ойындар мен түрлі байқаулар күтіп тұр!
Бізбен бірге болып, қолдау көрсетіңіздер!