Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, мектептің кітап қорын байыту және өзара сыйластық пен жомарттық құндылықтарын насихаттау.
Атқарылған жұмыстар:
- Кітапхана қорын толықтыру:
4 «А» сынып оқушылары белсенділік танытып, мектеп кітапханасына түрлі жанрдағы (ертегілер, танымдық әдебиеттер) кітаптарды салтанатты түрде табыстады.
Осы бастаманы 1-сынып оқушылары да іліп әкетіп, өздерінің алғашқы оқыған қызықты кітаптарын кітапханаға тарту етті. Бұл кіші буын мен орта буын арасындағы жақсы сабақтастықты көрсетті.
- «Кітап сыйла» челленджі:
8 «В» сынып жетекшісінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында ерекше челлендж өтті. Оқушылар бір-біріне өздері ұнатқан туындыларды сыйлап, ішіне ақ тілектерін жазып қалдырды. Бұл шара сынып ішіндегі ауызбіршілікті нығайтуға және оқуға деген ынтаны оятуға септігін тигізді.
Нәтиже: Акция барысында мектеп кітапханасына жаңа данадағы кітаптар жиналды. Оқушылар «Кітап — сарқылмас қазына» екенін іс жүзінде сезініп, қайырымдылық шарасына біркісідей атсалысты.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Қоржықбаева





KZ
