Кезекті 2–3 сынып оқушылары арасында өткен Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған «Бір шаңырақ астында – мың жүрек» атты шарамызды тамашалаңыздар! 🎉
Аталған мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде, ерекше көңіл күймен өтті. Оқушылар түрлі ұлттардың мәдениетін таныстырып, ұлттық киімдермен сәнденіп, әсем ән шырқап, мың бұрала би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
Шара барысында достық, татулық, сыйластық құндылықтары кеңінен насихатталып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әрбір қойылымнан ел бірлігі мен ынтымағының маңызы айқын көрініс тапты.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, көпұлтты еліміздің бірлігін қадірлеуге жетелейді 🇰🇿✨
KZ

