Кезекті 6–7 сынып оқушылары арасында өткен Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған «Бір шаңырақ астында – мың жүрек» атты шарамызды тамашалаңыздар! 🎉
Аталған мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде, ерекше әсермен өтті. Оқушылар түрлі ұлттардың мәдениетін таныстырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өнерлерін ортаға салды. Әсем әндер шырқалып, мың бұрала би биленіп, сахна көріністері көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Шара барысында бірлік, татулық, достық сынды асыл қасиеттер кеңінен насихатталып, оқушылардың шығармашылығы мен белсенділігі айқын көрінді.
KZ

