🚀 «Кішкентай инженерлер» жобасы
№48 жалпы білім беретін мектебінде 2, 3, 4-сынып оқушылары арасында «Кішкентай инженерлер» атты LEGO, конструктор құрастыру жобасы өткізілді.
Жоба барысында оқушылар өз қиялындағы ғимараттар мен техникалық құрылымдарды құрастырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Балалар топпен жұмыс жасап, логикалық ойлау, ұқыптылық, табандылық және ынтымақтастық дағдыларын дамытты.
Бұл жоба – жас ұрпақтың инженерлік ойлауын қалыптастырып, болашақ мамандықтарға қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам.
🔧 Қиялға қанат бітірген – кішкентай инженерлер!
#адалазамат #біртұтастәрбиеатырау #келешекмектептері
KZ

