Skip to content

Құндылыққа шолу 📌 Адалдық пен тазалық – адамның ішкі айнасы…

Құндылыққа шолу
📌 Адалдық пен тазалық – адамның ішкі айнасы

Адалдық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Ол – сенімнің негізі, сыйластықтың бастауы, адамдықтың айғағы.

Таза болу дегеніміз тек сыртқы көрініс емес, ең алдымен жүректің тазалығы, ойдың анықтығы, ниеттің ақтығы.

Адал әрі таза болудың критерийлері:
▫️ Шындықты айту, өтірікке жол бермеу;
▫️ Еңбекті адал жасау, жауапкершілікпен қарау;
▫️ Өзгеге қиянат жасамау;
▫️ Уәдеде тұру;
▫️ Ар-ұятты биік ұстау;
▫️ Әділ шешім қабылдай білу.

Адалдық бар жерде – сенім бар.
Сенім бар жерде – сыйластық бар.
Сыйластық бар жерде – береке бар.