Skip to content

Құндылыққа шолу 📌 Өз өміріңнің жауапкершілігін түсіне білу – табыстың…

Құндылыққа шолу
📌 Өз өміріңнің жауапкершілігін түсіне білу – табыстың алғашқы қадамы

Әр адам – өз тағдырының авторы. Өмірде жетістікке жету, биік мақсаттарды бағындыру – ең алдымен жеке жауапкершілікті сезінуден басталады.

Өз өміріңнің жауапкершілігін түсіну дегеніміз:
▫️ Қабылдаған шешімдерің үшін жауап беру;
▫️ Уақытты тиімді пайдалану;
▫️ Қателіктерді өзгеден көрмей, өзіңнен іздеу;
▫️ Арманың үшін еңбек ету;
▫️ Болашағыңа бейжай қарамау.

Жауапкершілік – бұл ауыр жүк емес, керісінше еркіндікке апарар жол. Себебі сен өз өміріңді өз қолыңа алған кезде ғана шынайы өзгеріс басталады.#адалазамат #келешекмектептері #біртұтастәрбиеатырау