Skip to content

📢 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР! 2025–2026 оқу жылының аяқталуына және…

📢 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР!

2025–2026 оқу жылының аяқталуына және алдағы «Соңғы қоңырау» мен қорытынды аттестаттау кезеңіне байланысты төмендегі талаптарды қатаң сақтауыңызды сұраймыз.
🚫 ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
❗️ Мұғалімдерге сыйлық беру, қаражат жинау;
❗️ Аниматорлар, студиялар, агенттіктер шақыру;
❗️ Мектепке қажетті заттарға ақша жинау;
❗️ Автокөлік шеруін ұйымдастыру;
❗️ Ойын-сауық орындарына бару;
❗️ Дастархан жайып, қаражат жинау;
❗️ Табиғат аясына, өзен-көл, демалыс орындарына саяхат ұйымдастыру – қатаң түрде тыйым салынады.

📋 МІНДЕТТЕЛЕДІ:
• Мектеп формасын сақтау: Барлық оқушылар белгіленген мектеп формасында болуы тиіс.
• Тәртіп пен қауіпсіздік: Қоғамдық тәртіпті бұзбау және қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау.

📌 Аталған талаптар 4, 9, 11-сынып оқушыларының ата-аналарына бірдей қатысты екенін хабарлаймыз.

Әрбір оқушының қауіпсіздігі бірінші орында, барлық іс-шаралар мазмұнды, тәртіпті әрі мәдениетті түрде өтуі тиіс.
🏫 №48 жалпы білім беретін мектеп
директоры:Хуандыкова Орынгүль Хаджыгалиевна