Skip to content

🌟 Құрметті Махмуд Аққуанұлы және Top Play ұжымы! 🌟 «Жұлдыз»…

🌟 Құрметті Махмуд Аққуанұлы және Top Play ұжымы! 🌟

«Жұлдыз» жазғы сауықтыру лагерінің оқушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қызықты әрі әсерлі демалыс ұйымдастырғандарыңыз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз! 💐

🎉 Балалардың шат күлкісі мен қуанышты сәттеріне себеп болып, жазғы демалыстарын ерекше әсерге толтырғандарыңыз үшін үлкен рақмет!
Ойын-сауыққа толы тамаша бағдарламаларыңыз балалардың көңілінен шығып, оларға ұмытылмас естеліктер сыйлады.

Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, ұжымдарыңызға береке және толағай жетістіктер тілейміз!
Ізгі тілекпен
№48ЖББМ мектеп әкімшілігі🤗