Skip to content

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! ✨ 6–17 сәуір аралығында мектебімізде «Ғарыш…

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! ✨

6–17 сәуір аралығында мектебімізде «Ғарыш режимі ON 🚀» атты математика, информатика және физика (МИФ) бірлестігінің онкүндігі бастау алғанын қуана хабарлаймыз!

Бұл онкүндік – білім мен ғылымға деген қызығушылықты арттырып, оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған ерекше кезең.

Онкүндік аясында:
📌 Танымдық іс-шаралар
📌 Қызықты сайыстар
📌 Ашық сабақтар
📌 Интеллектуалды ойындар мен бағдарламалар ұйымдастырылады.

Әрбір оқушы өз қабілетін көрсетіп, жаңа білім мен тәжірибе жинақтай алады. Ғылым әлеміне бірге саяхат жасап, ерекше әсерге бөленейік! 🌌

Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!
МИФ-пен бірге болыңыздар! 🚀✨

#МИФонкүндік #ҒарышРежиміON #МектепӨмірі #Білім #Интеллект STEM