Skip to content

« Қызға қырық үйден тиым» ерте жүктіліктің алдын алу

Күні3.02.2026
ҰйымдастырушыС.Қоржықбаева А. Жаңбырбайқызы
Сынып: 10 а, 10 ә, 10 б
Тәрбие сағатының тақырыбы « Қызға қырық үйден тиым» ерте жүктіліктің алдын алу
Тәрбие сағатының мақсаты: Қыз балаларға ұлттық тәрбие бере отырып, ерте жүктіліктің алдын алу, репродуктивті денсаулық және жеке шекараны сақтау туралы түсінік қалыптастыру.
Кезең, уақытПедагогтің іс әрекетіОқушының әрекетіРесурстар
Басы (10 мин)Кіріспе: «Қыздың жолы жіңішке» Мағынаны ашу: «Қызға қырық үйден тыйым» дегенді қалай түсінесіздер? Бұл тек шектеу ме, әлде қорғау ма? Түсіндірме: Бұрынғы заманда қыз баланың тәрбиесіне бүкіл ауыл жауапты болған. Бұл — қыз баланы қадірлеудің, оның болашақ ана екенін құрметтеудің белгісі.Оқушылар өз ойларын ортаға салады, түсіндірмеден алған ақпарататарымен  бөліседі.Интерактивті тақта, прензентация
Ортасы (20 мин)«Ерте жүктілік — ерте солу» Бұл бөлімде фактілер мен медициналық салдарлар айтылады: •         Физиологиялық салдары: Жасөспірім ағзасының толық жетілмеуі, түрлі аурулардың қаупі. •         Психологиялық соққы: Балалық шақпен ерте қоштасу, депрессия, стресс. •         Әлеуметтік мәселе: Оқудан қалу, болашақ мамандықтан айырылу. Тренинг-ойын: «Менің шекарам»  •         Мақсаты: «Жоқ» деп айта білуді үйрету.  «Қырық тыйымның қазіргі көрінісі» Оқушыларға келесі тыйымдардың бүгінгі мағынасын талқылауды ұсыныңыз: 1.       «Беймезгіл уақытта жүрме» — (Кешкі уақыттағы қауіпсіздік). 2.       «Қатты  боянып, тым ашық киінбе» — (Өзіне артық назар аудартпау, эстетика). 3.       «Өтірік айтпа, сыбырлап сөйлеме» — (Ата-анамен ашық қарым-қатынас орнату). 4.       «Бейтаныс адаммен кетпе» — (Цифрлық және шынайы әлемдегі қауіпсіздік).Оқушылар мысалдарды талдап, пікір білдіреді, жауап нұсқасын таңдайды, өз кеңестерін ұсынады.                       Оқушылар  жағдаяттарды талдайды.     Оқушылар ұсынға ережелерді талдап, өз ойларын білдіредіПрезентация, карточкалар
Соңы (5 мин)Жүректен жүрекке: Әр оқушы өзіне «Менің болашағым өз қолымда» деген сөзді іштей қайталайды.Оқушылар өз ойын жазып, айтады.Парақ, қалам

10 «а», 10 «ә», 10 «б» сыныптарында «Қызға қырық үйден тыйым» – ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында іс шара  өткізілді.
Ұйымдастырушылар: С. Қоржықбаева, А. Жаңбырбайқызы.

Тәрбие сағатының мақсаты – қыз балаларға ұлттық тәрбие негізінде ерте жүктіліктің алдын алу, репродуктивті денсаулық туралы түсінік беру және жеке шекараны сақтаудың маңызын ұғындыру.

Сабақтың кіріспе бөлімінде «Қыздың жолы жіңішке» тақырыбы аясында «Қызға қырық үйден тыйым» ұғымының мәні талқыланды. Оқушылар бұл ұғымның тек шектеу емес, қыз баланы қорғау, қадірлеу және болашақ ана ретінде құрметтеу екенін түсіндірді. Ұлттық тәрбиенің тәрбиелік мәні ашылды.

Негізгі бөлімде ерте жүктіліктің физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік салдары туралы нақты мәліметтер ұсынылды. Жасөспірім ағзасының толық жетілмеуі, денсаулыққа төнетін қауіптер, білім алу мүмкіндігінің шектелуі, психологиялық күйзеліс мәселелері талқыланды. Оқушылар жағдаяттарды талдап, өз пікірлерін білдірді.

«Менің шекарам» тренинг-ойыны арқылы оқушыларға жеке шекараны сақтау және қажет жағдайда «Жоқ» деп айта білу дағдысы қалыптастырылды. Сонымен қатар «Қырық тыйымның қазіргі көрінісі» тапсырмасы арқылы ұлттық тыйымдардың бүгінгі қоғамдағы қауіпсіздік, мәдениет, цифрлық ортадағы жауапкершілікпен байланысы талданды.

Тәрбие сағатының қорытынды бөлімінде «Жүректен жүрекке» әдісі қолданылып, оқушылар «Менің болашағым өз қолымда» деген ойды саналы түрде қабылдап, өз болашағына жауапкершілікпен қарау қажеттігін түсінді.

Іс-шара тәрбиелік, танымдық және психологиялық тұрғыдан тиімді өтті. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ашық жеткізді. Тәрбие сағаты қойылған мақсатқа жетті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                      С.Қоржықбаева