🚨 LIFE SKILLS: АПАТ КЕЗІНДЕГІ ДҰРЫС ҚАДАМ
Мектебімізде төтенше жағдайлар орын алған кездегі қауіпсіздік ережелерін пысықтау мақсатында «Life Skills: апат кезіндегі дұрыс қадам» атты кең көлемді практикалық жаттығу өтті. 📢
Бұл шараға мектебіміздің барлық оқушылары мен ұстаздары бірдей атсалысты. Дабыл белгісі берілген сәттен бастап, әрбір қатысушы бекітілген алгоритм бойынша әрекет етіп, қауіпсіз жерге эвакуациялану дағдыларын көрсетті.
Жаттығу барысында келесі мәселелерге баса назар аударылды:
✅ Төтенше жағдай кезінде үрейге бой алдырмау;
✅ Ғимараттан шығудың ең қысқа әрі қауіпсіз жолдары;
✅ Алғашқы көмек көрсету негіздері;
✅ Ұстаздар мен оқушылардың өзара үйлесімді іс-қимылы.
«Сақтансаң — сақтармын» демекші, мұндай практикалық сабақтар әрбір жанның өмірі мен денсаулығын сақтау үшін өте маңызды. Өмірлік дағдыларды (Life Skills) меңгеру — заман талабы! 🛡️💪

KZ
