Мектебімізде ұйымдастырылған «Кітап сыйлау» акциясы – білім мен рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған игі бастама болды. Акцияның басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және кітапхана қорын жаңа, сапалы әдебиеттермен толықтыру.
Іс-шара барысында ұстаздар мен білім алушылар кітапханаға өз кітаптарын сыйға тартып, ортақ іске белсене атсалысты. Әр тарту етілген кітап – өскелең ұрпақтың ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын байытатын құнды қазына.
Кітап сыйлау – жай ғана дәстүр емес, бұл – білімге деген құрметтің, рухани байлыққа қосқан үлестің белгісі. Сыйланған әрбір кітап жаңа оқырманын тауып, ізгілікке, ізденіске және жақсы істерге бастайтыны сөзсіз.
#адалазамат #біртұтастәрбиеатырау #келешекмектептері
KZ

