Skip to content

О. Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі өкілдерімен ұйымдастырылған кездесу білім…

О. Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі өкілдерімен ұйымдастырылған кездесу білім алушыларға кәсіптік бағдар беру, техникалық және аграрлық мамандықтар туралы ақпарат беру мақсатында өткізілді. Кездесу барысында колледж мамандары оқу орнының тарихы, материалдық-техникалық базасы, мамандықтар тізімі, оқу үдерісі мен студенттерге жасалған жағдайлар туралы жан-жақты мәлімет ұсынды.

Сонымен қатар, талапкерлерге арналған қабылдау ережелері, грант мүмкіндіктері, өндірістік тәжірибе мен жұмысқа орналасу жолдары түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Кездесу өзара пікір алмасу, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру тұрғысынан маңызды болды.