Skip to content

Оқушылардың жазбаша тіл байлығын дамыту, өз ойын жүйелі әрі сауатты…

Оқушылардың жазбаша тіл байлығын дамыту, өз ойын жүйелі әрі сауатты жеткізуге үйрету,шығармашылық қабілеттерін арттыру, қиялын ұштауды мақсат еткен эссе жазу байқауына 4 сынып оқушылары қатысып, “Менің алғашқы мұғалімім”
“Менің отбасым- менің байлығым”
“Білім – болашақтың кілті” тақырыптарында өз ойын жазды.Эссе байқауында өз ойын терең де мазмұнды, жүйелі әрі көркем тілмен жеткізе білген оқушылар ерекше құрметке лайық. Шығармашылық қабілетімен дараланып, ой ұшқырлығын танытқан шәкірттерімізді мақтан тұтамыз.
Олардың әрбір жазған жолы – ізденістің, талпыныстың және білімге деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Осындай дарынды, ойы орамды оқушыларымыз көбейе берсін!
#адалазамат #келешекмектептері #біртұтастәрбиеатырау